Әйтенов кадрлық ауыс-түйістер жасап жатыр
Шымкенттің әкімі Мұрат Әйтенов кадрлық ауыс-түйістер жасап жатыр. Қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының бастығы Береке Дүйсебеков қызметінен кетіп, ол қала әкімі аппараты басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды.
Сонымен бірге ақапарат құралдарында жарияланған мәліметтерге қарағанда, қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының бастығы Ержан Жолдасовтың қызметінен кеткені белгілі болды. Оның әзірге қандай қызметке барғаны белгісіз.
Кешегі күнгі қаланы жылумен қамтамасыз ететін «Қуатжылуорталығы» кәсіпорнының басшысы болып бұған дейін «Шымкент» әлеуметтік кәсіпкерлік корорациясына басшылық жасаған Расул Илимбаев тағайындалды. Ал «Шымкент» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының басшылығына Данияр Ахметжанов келді. Ол бұған дейін Шымкент қаласы әкімінің кеңесшісі қызметін атқарған.