Украина ресейліктердің қынадай қырылып қалғанын айтты

Oinet.kz 11-04-2022 3262

Украинаның Қорғаныс министрлігі Ресейдің Украина жеріндегі соғыста 19 300 адамынан айырылғанын жария етті. Бұл соғыста өлген орыстардың саны ма жоқ әлде Ресей армиясының жалпы адам шығыны ма? (жаралыларды, тұтқынға түскендерді қосқанда). Бұған Украина түсініктеме бермеген.

Screenshot_10.jpg

Украина Қарулы күштері штабының хабарлауынша, осы уақытқа дейін Ресейдің 722 танкісі, 1911 бронокөлігі талқандалған. 342 артиллерияның, 1384 көліктің көзі жойылған. Бұдан бөлек украиналықтар жаудың 152 ұшағын, 137 тікұшағын атып түсірген. Қазіргі уақытта украиналықтардың тұтқынында 467 орыс жауынгері отыр. 

Бірақ Украина  өздерінде қанша адамның шығын болғаны туралы ештеңе айтпаған. Ресей жағы өздеріндегі адам шығынын екі мәрте ресми түрде жария етті. Соңғы рет 25 наурызда Қорғаныс минстрлігі өлген жауынгерлердің санын 1351, ал жаралыларды 3825 деп көрсетті. Ал Ресей Украина Қарулы күштерінде қаза тапқан жауынгерлердің санын 14 мың деп жария еткен болатын.

Нан бағасы қымбаттай ма? - Министрлік жауап берді
Білім министрі: Қазақстанда 22 мыңнан аса ғалым бар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу