«Путиннің абыройы асқақтап, Гиннес кітабына енетін брендке айналды»
Ресей Федерациясы президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков кезекті сұхбаттарының бірінде Путиннің Ресейдің брендіне айналғанын, Украинадағы «арнайы әскери операция» басталғалы президенттің рейтингі қарқынды өскенін айтты деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Orda.kz сайтына сілтеме жасап.
«Біздегі бренд – Путин. Бұл расында солай. Ол халықтың қолдауына ие. Қолдау рейтингі «арнайы операция» басталғалы бері 80 пайыздан асып кетті. Мұнымен әлеуметтанушылар да, саясаттанушылар да келіседі. Бір қызметте 22 жыл отырып, 80 пайыздан астам халықтың қолдауына ие болу – Гиннестің рекордтар кітабына енгізетін құбылыс», – деді ол.
РФ президентінің баспасөз хатшысы Украинадағы «арнайы әскери операция» басталғалы бері түрлі деңгейдегі, түрлі бағыттағы бұқаралық ақпарат құралдарына жиі сұхбат беріп, мемлекеттік ұстаным мен көзқарасты жария етіп келеді.