Қапшағай қаласының аты Қонаев болып өзгеретін болды
ҚР Президенті Қасым Жомарт Тоқаев Қапшағай қаласын Дінмұхамед Қонаевтың атына ауыстыруды толықтай қолдайтынын айтты. Бұл туралы ол Қазақстан Халқына жолдауында айтты.
"Жұртшылық Қапшағай қаласы Қонаевтың атына берілсін деп ұсынса, бұл ұсынысты толық қолдаймын. Азаматтардың ұсыныс-пікірлеріне қарай отыра айтып отырмын. Жергілікті халық қолдаса, тез арада ауыстыруды тапсырамын", - деді Тоқаев.
Президенттің айтқаны анық орындалады. Енді алдағы уақытта жұртшылық қала атын өзгертуді сұрайды. Тоқаев оны қолдап, Қонаев деп өзгертетін күн алыс емес.