Тоқаев Мәжілістің мәртебесін күшейтті
Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауы барысында хабарлады.
"Парламент республикалық бюджеттің сапалы орындалуына бақылауды күшейтуі қажет. Осы орайда, Есеп комитетінің орнына Жоғары аудиторлық палата құруды ұсынамын. Оның төрағасы Мәжіліс депутаттары алдында жылына екі рет есеп беруі тиіс. Осылайша, Мәжілістің мәртебесі арта түседі", - деп атап өтті Президент.