Рамзан Қадыровтың көзі жойылатын болды
Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың Киев маңында екені расталса, Украина қарулы күштері оны көзін жоюға бұйрық беріледі.
Бұл туралы 13 наурызда ұлттық телемарафонның эфирінде Украина президенті кеңсесі басшысының кеңесшісі Алексей Арестович мәлімдеді.
«Қазір ақпараттың дұрыс-бұрыс еместігі тексеріліп жатыр. Бірақ оны кеше Грозныйда көргені туралы ақпарат бар. Бірақ бір күнде Киевтің жанынан келуге болады. Соған қарамастан оның сыртқы түрі ештеңені шешпейді. Ақпарат рас болса, біз оны жоямыз. Егер ақпаратты анықтамасақ, келесі жолы жоямыз», – деді Арестович.