«Nur Otan»-ның Саяси Кеңесіне Оңтүстіктен кімдер енді?

Oinet.kz 28-01-2022 1089

Бүгін өткен «Nur Otan» партиясының съезінде партияның Саяси кеңес құрамына өзгерістер енгізілді. Партияның жоғары өкілді органы 55%-ке жаңарды.

Screenshot_6.jpg

Нұралы Әбішев

Әйелдердің үлесі 33,7%-ке дейін өсті. 35 жасқа дейінгі жастардың үлесі 6 есеге, 13%-ке дейін артты. Орташа жас мөлшері 4 жылға төмендеп, 47 жасты құрады. Мемлекеттік қызметшілер саны үштен бірге қысқарды.

Саяси кеңестің құрамында азаматтық сектордың өкілдері айтарлықтай артты.

Білім беру саласының өкілдері 2 есеге (10%) артты. ҮЕҰ мен БАҚ үлесі 2 еседен астамға, 15,2%-ке ұлғайды. 

Кеңес құрамына Түркістан облысы мен Шымкент қаласынан: Түркістан қаласы Балалар-жасөспірімдер орталығының директоры, Білім мен ғылымды дамыту жөніндегі облыстық қоғамдық кеңес төрағасының орынбасары Бекарыс ШОЙБЕКОВ, Сайрам қосалқы мектеп-интернатының директоры Жадыра ТАҢАТАРОВА, «Южный Казахстан» облыстық қоғамдық-саяси газетінің  бас редакторы Марина ЛИМАРЕНКО, «БалТекстиль» ЖШС директоры Талғат  ИСХАХОВ, «Bokei» ЖШС 

Директоры Нұралы ӘБІШОВ енді.


Бауыржан Байбектің лауазымы өзгеретін болды
Назарбаев «Nur Otan» партиясы саяси бюросының қатарынан шығарылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу