Бауыржан Байбектің орына Дархан Қалетаев болуы мүмкін

Oinet.kz 27-01-2022 1679

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кадрлық өзгерістерді әлі жалғастырып жатыр. 

Screenshot_2.jpg

Осы аптада  Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Болат Сүгірбаев Қазақстан Республикасының Бруней-Даруссаламдағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымына тағайындалды;

Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Нұрлан Жалғасбаев Қазақстан Республикасының Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасындағы, Бангладеш Халық Республикасындағы, Непал Федеративтік Демократиялық Республикасындағы, Бутан Корольдігіндегі, Мальдив Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымына тағайындалды.

ҚазТАГ-тың хабарлауынша, Қазақстанның Украинадағы елшісі Дархан Қалетаев та қызметінен босағалы жатқан көрінеді. Тоқаевтың Украинадағы елшіні ауыстыруын әрқилы жорамалдауға болады. Бұл соңғы уақытта Украинадағы соғыс қаупімен тікелей байланысты болуы мүмкін. Сонымен бірге Дархан Қалетаевты жауапты лауазымға тағайындау үшін елге алдырып жатуы да ықтимал. 

Д.Қалатаев Украианадағы елші қызметіне 2020 жылдың ақпанында тағайындалған. Мұның алдында Президент әкімшілігі басшысының орынбасары, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары, «Самұрық-Қазынада» басқарушы директор, Сенат депутаты, Қоғамдық даму министрі болған. 2019 жылдың наурызында Тұңғыш президент отставкіге кеткен соң ол Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болған.   

Түрлік бейресми дереккөздерге сенсек, Қалетаев "Nur Otan" партиясы төрағасының бірінші орынбасары лауазымына ие болуы мүмкін. Яғни Бауыржан Байбектің орнына. 

Кезінде Назарбаевты «пір» тұтқан депутаттар қазір теріс айналып жатыр
Мәди Ахмет халықты кедейліктен құтқаруға кірісті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу