Қыз-келіншектер Ғабидолла Әбдірахымовтың қызметке келгенін зор қуанышпен қабылдады

Oinet.kz 22-01-2021 2160

OINET.KZ - Кеше кешкісін Шымкенттің экс-әкімі, Премьер-министрдің кеңесшісі Ғабидолла Әбдірахымов Мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды. Бұл хабарды көпшілік жылы қабылдады. Әсіресе қыз-келіншектер қатты қуанды. 

Ғабидолла Әбдірахымов.jpg

Әлеуметтік желілерде қыз-келіншектер Ғабидолла Әбдірахымовпен түскен фотосын жариялап, оған қызметте сәттілік тілеп жатыр. Көпшілігі Ғабидулланың келбетті екенін жарыса жазуда. 

Габи.jpg

Габи2.jpg

Габи3.jpg

Screenshot_5.jpg

Screenshot_6.jpg

Әлеуметтік желілерден скрин

Еске сала кетейік, Ғабидолла Шымкент қаласының әкімі болып жүрген кезде ТМД-дағы ең сымбатты әкім атанған еді. Сонымен қатар оның қала мэрі ретінде айтқан көптеген сөздері әлі ел есінде. 

Кезінде ол қоластында еңбек ететін қыз-келіншектерді 8 наурыз мерекесімен құттықтаған Әбдірахымов жұртты қыран-топан күлдірген болатын. Бөлім басшыларынан мамандарды жұмыстан кешкі жетіде босатуларын сұраған ол отбасы құрмаған жастар түнге дейін жұмыста отырса, бір-бірімен таныса алмай қалады деп алаңдаушылық танытты. 

«Әрбір адамның отбасы болуы керек, жанұясы жоқтар шаңырақ көтеруі қажет. Егер сағат түнгі он бірге дейін жұмыста отырса, олар «свиданиеге» қалай барады? Бір-бірін қалай көреді?», - деген еді шенеунік.   

Тоқаев Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы заң жобасына пікір білдірді
Өмірзақ Әмет: Әйтеновтің бастамасын қолдауға болады (ипподром туралы)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу