Тоқаев Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы заң жобасына пікір білдірді

Oinet.kz 21-01-2021 1730

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев отбасындағы зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы заң жобасына қатысты пікір білдірді деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_13.jpg

Бұл туралы мемлекет басшысы Twitter-де жазды.

"Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы" заң жобасы қоғамда қызу талқыға түсуде. Бұл – орынды. Өзекті мәселелер кеңінен талқылануға тиіс. Оның нормаларын мұқият қарап, барлық пікірлерді ескерген жөн. Басты міндетіміз – әйелдер мен балалар құқығын қорғау", - деді Тоқаев.

Айта кетейік, заң жобасы парламент қабырғасында талқыланып жатыр.

Ғабидолла Әбдірахымов жаңа қызметке тағайындалды
Қыз-келіншектер Ғабидолла Әбдірахымовтың қызметке келгенін зор қуанышпен қабылдады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу