Өмірзақ Әмет: Әйтеновтің бастамасын қолдауға болады (ипподром туралы)

Oinet.kz 22-01-2021 2167

OINET.KZ - Үшінші мегаполисте өршіп тұрған ипподром дауына қатысты Шымкентке 2006 жылы әкім болған, біраз бастамаларды көтерген Өмірзақ Әмет пікір білдірді. Ол мегаполисте жаңа ипподром салу мәселесінің бұрыннан өзекті болғанын алға тартты.

ef20ce4b110941c1d07158ecc20de11f.jpg

– Ипподромның жайы мені қаланы басқарып тұрған кезімде-ақ алаңдататын. Сеулге сапарлатып барғанымда  өте керемет атшабарды көрген едім. Сондай ипподром бізге де керек деген оймен,   сол жылдары Оңтүстік Кореядан инвестор тауып, жобасын жасаттым.   Қазақ үшін жылқының орны қашанда бөлек қой. Ат спортын дамытсақ  жастарымыз үшін де пайдалы болары анық. Сондықтан ипподромды жаңартқым келген. Бұл мәселе  әлі де өзекті болып тұр. Үшінші мегаполиске  заманауи атшабар керек. Бірақ түсінбейтінім, «BІ Group» компаниясына тұрғын үй салу үшін ипподромнан басқа жер құрып қалыпты ма? Шаһарда жер көп емес пе? Оны сүріп тастағаннан не ұтамыз? Егер компания жаңа атшабар салып береміз десе, құптарлық іс. Тек мұны халыққа  дұрысынан түсіндіру қажет.

– Тұрғын үй кешені салынса ипподромның айналасындағы ағаштар кесіліп, қаланың экожүйесіне зиян келеді деп дабыл қағып отырғандар бар. Бұған не дейсіз?

– Аса зиян келеді деп ойламаймын. Тал-дарақтарды қайта егіп тастаса, бірер жылда жайқалып шыға келеді ғой. Ал қазір мегаполисте атына сай  мектеп, балабақша,  емхана сияқты әлеуметтік нысандар, зәулім, әсем элиталы үйлердің  бой түзеуі заңдылық.  Осы жағынан алып қарағанда Әйтеновтің бастамасын қолдауға болады, - деді Өмірзақ Әмет.

ТОЛЫҒЫРАҚ:

ac665f237412944ec242e24a0d3c1396.jpg

Шымкенттегі ипподром дауына қатысты экс-әкімдердің пікірі де екіге жарылды

Қыз-келіншектер Ғабидолла Әбдірахымовтың қызметке келгенін зор қуанышпен қабылдады
Путиннің хан сарайындай үйі жұрттың таңдайын қақтырды (фото, видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу