Президент бүгін халыққа үндеу жолдайды
Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жолдайды деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі
"Бүгін, 9 сәуірде, Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 13.00-де мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарналар арқылы Қазақстан халқына үндеу жариялайды", - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, күні кеше Тоқаев Ақордада парламент сенатының төрағасы Дариға Назарбаева, премьер-министр Асқар Мамин, Конституциялық Кеңесінің төрағасы Қайрат Мәми және парламент мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божкомен бастаған лауазымды тұлғалармен кездескен болатын.