Қалмырзаев инсульт алды

Oinet.kz 07-10-2010 1045

Screenshot_17.jpg

«Сарыбай Қалмырзаевтың миына қан кетіп, инсультпен ауруханаға түсті» деген интернет сайттарында секіріп жүрген ақпаратты саясат жауырыншылары сан-саққа жүгіртіп жатыр. Білетіндердің айтуына қарағанда, оңтүстікке іссапармен келіп әдеттегідей Сарыағаштағы шипажайда демалып қайтқан Сарыбай Сұлтанұлының сырқаты осы Шымкент жақта басталған сыңайлы. Оны облыс орталығындағы ауруханалардың бірінде емделді дегенді де естіп қалдық. КазТАГ ақпарат агенттігі «Қалмырзаев қазір Еуропадағы клиникалардың бірінде. Сенімді ақпарат көзіне сенсек, Германияда» деген дерек  таратты. Бірақ бұл мәліметті Қалмырзаевтың көмекшісі жоққа шығарып отыр. Басқа-басқа қашанда бір шұқып, екі қарайтын ҚазТАГ ақпарат агенттігі мұндай ақпаратты бірдеңеге сүйенбей таратпасы белгілі. Соған қарағанда Қалмырзаевтың хал-жағдайында бір өзгерістің бары рас-ау деймін. Әрине, жасы ұлғайып қалды десек те, Қалмырзаевтың әл-әзірге қаусап тұрған денсаулығы жоқ еді. Әлде Сарыбай көкемді сары уайым алып ұрды ма екен?! Қалай айтсақ та, кеше ғана Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиевтің, енді бүгін рас болса  Президенттің іс басқарушысы Сарыбай Қалмырзаевтың аяқ астынан құлап қалуы  биліктің ең жоғарғы эшолонындағы топтардың арасындағы талас-тартыстың тым шиеленісіп бара жатқанын байқатса керек. Шынымен Қалмырзаевтың халі мүшкіл болды ма екен, апырай,ә!

Оinet.kz мұрағатынан

0d79983a0d0343a18d1c26f5c31f5a81.jpg

Әлтаев қазақша сөйлей алады екен
Жақсылық Досқалиевке қатысты шындық пен шырғалаң
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу