Ашаршылыққа қатысты беймәлім деректер
21-05-2024
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Үкімет отырысында Жастар жылын өткізу жөніндегі жол картасына енгізілген толықтыруларды атады деп хабарлайды Baq.kz
«Жыл басында Елбасы төрт басты блок бойынша нақты тапсырма берді. Бірінші, қолжетімді білім мен таланттарды қолдау; екінші, жұмыспен қамтамасыз ету; үшінші, әлеуметтік қолдау; төртінші, азаматтық ұстаным мен этникааралық келісімді, патриоттықты нығайту. Тұңғыш Президент ел келешегі жас ұрпақ тәрбиесіне тікелей байланысты деген. Сондықтан мемлекеттік жастар саясатының мақсаты – оларға толыққанды рухани, мәдени білім беру, кәсіби және физикалық тұрғыдан жан-жақты қолдау білдіру. Жастар саясатын тиімді түрде алға жылжыту үшін ведомстволық қарым-қатынасты күшейту маңызды. Сондықтан да әрбір сала бойынша сапалы жұмыс жүргізіп бұл бағытты жан-жақты дамыту қажет», - деп айтты Дәурен Абаев.
Министр жастармен жұмыс жүргізу бойынша қажетті нормативтік-құқықтық және ұйымдастырушылық, концептуалдық базаның сала бойынша мемлекеттік органдардың жауапкершілігін мемлекеттік жастар саясаты туралы заңмен, ал стратегиялық бағыты «Қазақстан-2020 болашаққа жол» мемлекеттік жастар саясаты концепциясы секілді құжаттарда көрініс тапқанын атап өтті.
«Жұмысы жоқ, еңбек етуге, білім алуға ынталанбайтын жастарға байланысты НИТ деп аталатын әлеуметтік термин негізінде құрылған Жол картасы бар. Сол топтарды еңбекке тартуды, жұмыспен қамтуды қарастырып отырмыз. Жастарымыздың қоғамдық сана-сезімін ояту мен жаңашылдыққа ұмтылуға жол ашу үшін «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары қабылданды. Қазақстан Ассамблеясымен тығыз қарым-қатынас орнаттық. Мақсатымыз – жастарымызды толеранттық бағытында шыдамдылық пен жоғары этикалық тұрғыда тәрбиелеу», - деді Ақпарат және қоғамдық даму министрі.