Министр қызметінен босатылған Жұмағалиев Елбасына және Президентке алғыс айтты

Oinet.kz 22-07-2020 1067

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қызметінен босатылған Асқар Жұмағалиев қызметінен босатылуына қатысты Facebook-те жазба қалдырды. 

Screenshot_5.jpg- Мені бұл лауазымға тағайындағанда құттықтаушылар көп болды, ал кеткен кезде қолдаушылардың одан да көп екенін көріп, таң қалып отырмын. Телефон соғып, хабарлама жазып басымыздан кешкен оқиғаларды есіме салдыңыз, өте ризамын. Кейбіріңізбен мемлекеттік мүдделерді қорғауда бірге жұмыс істесек, енді біріңізбен жаңа жобаларды бірлесе жүзеге асырдық, тағы біріңіз қызықты шешімдеріңізбен бөлістіңіз. Әріптестер, достар, "цифрлық комиссарлар", пікір білдірушілер, азаматтар, менің соңғы жылдары айналысқаным – бұл біздің бірлесе атқарған жұмысымыз, - деді ол. 

Жұмағалиев Елбасы және Президентке алғыс айтты.

- Бастамалары мен Қазақстанды цифрландыру үдерістерін үнемі қолдағаны үшін Елбасыға, Президентке және сіздердің әрқайсыңызға соңғы жылдары маған артқан сенім мен көрсеткен қолдауларыңыз үшін алғысымды білдіремін, - деді ол. 

Айта кетейік, 20 шілде күні Асқар Жұмағалиев  цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қызметінен босатылды. Ал Бағдат Мусин осы ведомствоның вице-министрі болып тағайындалды.

Белгілі саясаткер: «Президент жауапкершілікті мойнына алмаса, үкіметті ауыстыру керек»
ЖОО-лардағы оқу ақысы көтеріле ме? Аймағамбетов жауап берді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу