ЖОО-лардағы оқу ақысы көтеріле ме? Аймағамбетов жауап берді
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жоғары оқу орындарына елдегі қиын экономикалық жағдайға байланысты оқу ақысын көтермеу туралы өтініш білдіргенін айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz-ке сілтеме беріп Oinet.kz ақпарат агенттігі.
"Біз ЖОО-лардан студенттердің экономикалық мүмкіндіктерін түсініп, бөліп-бөліп төлеу мәселесінде қолдау тауып, кем дегенде төлем мөлшерін көтермеуін өтіндік", дейді министр.
Оның айтуынша, төлем мөлшерін арттыру бойынша жоспарлар айтарлықтай маңызды болды.
"Біз осы нәзік сұраққа өте мұқият қарауды ұсындық. Әрине, біз талап ете алмаймыз және мәжбүрлей алмаймыз, біз құқықтық мемлекетте өмір сүріп жатқанымызды түсінеміз. Біз нақты лауазымды тұлғаның немесе мемлекеттік органның құзыреті қайда басталатынын және қайда аяқталатынын түсінуіміз керек. Біз өз лауазымдық өкілеттіктерімізді асыра алмауымыз керек", - деп түсіндірді министр.
Аймағамбетовтың болжамынша, бөліп-бөліп төлеу мәселесі бойынша ЖОО-ның көпшілігі студенттерге қолдау көрсетеді.
"Бағаны көтермеу үшін мұндай жоспарлар ЖОО-ның басым көпшілігінде болды. Біз қазір бұл жұмысты жүргізіп жатырмыз. Нәтиже болады деп ойлаймын", - деп атап өтті ол.
Сондай-ақ, колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттерін оқыту форматы бойынша нұсқаулық дайындалғаны хабарланды.Министр колледж және бакалавриат студенттері ЖОО-да қашықтан білім алғандары дұрыс екенін айтты.
"Дегенмен, бізде бөлек зертханалық жұмыстар, шеберханалардағы, өндірістегік тәжірибеден өту бар. Мысалы, докторантурада зертханаларда жұмыс істеу деген бар, онда негізінде бір-екі адам өз беттерімен жұмыс істейді.
Бұл тұрғыда жекелеген мамандықтар бойынша, жекелеген мәселелер бойынша бізде нұсқаулық дайындалды. Біз оны бірнеше рет ЖОО ректорларымен, студенттік ұйымдармен және әріптестерімен-педагогтармен талқыладық, - деді Асхат Аймағамбетов.