Әкімдерге пайдасыз шараларды күрт азайту тапсырылды

Oinet.kz 25-03-2019 941

WhatsApp Image 2019-03-23 at 13.15.41.jpeg

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанда зиялы қауым өкілдерімен өткен кездесуде жұмыс істегісі келмейтін масылдарға мемлекет тарапынан ешқандай қолдау болмайтынын мәлім етті. Мемлекеттік жәрдемдер тек әлеуметтік осал топтарға ғана жасалады.

-Қалғандарының бәрі жұмыс істеуі тиіс,-деді президент.

-Тағы бір маңызды мәселе – мемлекет қаржысын үнемдеу

Үкімет бюджетті тек мемлекетіміздің дамуына және қауіпсіздік мақсаттарына қайта бейімдеуге тиіс. Басты халықаралық форумдар өткізілді.  Олардың пайдасы зор болды.  Әсіресе, ЭКСПО-ны ерекше атап өткен жөн. Бұл жаһандық деңгейдегі іс-шара болды. Бірақ қазір орталықта және жергілікті жерлерде өткізілетін имидждік іс-шараларды күрт азайту керек.  Мен Үкіметке, әкімдерге осындай тапсырма жүктеймін,-деді Тоқаев.   

Screenshot_19.jpg

Өзбекстан мемлекеті Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстандардан 34 есе озып тұр
Мырзахметов еккізген көшеттер көктей солып жатыр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу