Шөкеев арандатушыларға шара көрілетінін қатаң ескертті

Oinet.kz 05-05-2020 5025

Су тасқынына ұшыраған Мақтаарал ауданына барған Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев ақпарат құралдарына берген сұхбатында ел арасында арандатушылардың барын, егер олардың әрекеті жалғаса берсе, шара көрілетінің ескертті деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_10.jpg

-  Төтенше жағдайды біз міндеті түрде тұрақтандырамыз. Оған тек уақыт керек. Ел шыдамдылық танытып, бәріне түсіністікпен қарап жатыр. Бірақ арасында «Неге жатырсыңдар, неге талап етпейсіңдер» деген арандатушылық әрекеттер кездесуде. Карантин жағдайында бұл өте қауіпті нәрсе. Ол үшін жауапқа тартуға болады. Мен ақпарат құралдары арқылы ескертемін: біз әлі бәріне шыдап отырмыз. Арандатушылық сипаты бар әрекеттер жалғаса берсе, шара көруіміз мүмкін. Тек ресми ақпаратқа сену керек. Жағдай жасалады, шығын өтеледі. Ең бастысы, адам шығыны жоқ. Өткенде мен «мал шығыны жоқ» деген едім. Ол кезде ақпарат солай болған.   Ешкім «малымыз су астында қалды» деп айтпаған. Ауыл әкімдері «малдың бәрі шықты» деген. Кейбір жерлерде су астында қалып қойған малдар бар. Малдың шығын болғаны дәлелденсе,  бәрі түгелдей өтеледі. Егістіктің шығынын да есеп жатырмыз. Ауыл шаруашылығы министрлігінен комиссия келе жатыр. 

Апат кезінде тоңазытқыш, теледидар сияқты мүліктер бүлінді. Арыстағы тәжірибеге сүйенсек, оны дәлелдеу қиын. Мен бүгін зардап шеккен әр тұрғынға өтемақы төлеу жөнінде ұсыныс бердім. Оны мөлшері әлі шешілген жоқ. Бірақ мен талап етемін, сол Арыстағыдай адам басына 100 мың теңгеден берілуі керек,-деді облыс әкімі. 


ТАҒЫ ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

c97dcf681da30300a65efb08f264bffc.jpg

Тасқыннан зардап шеккендерге өтемақы төлене ме?

Естеріңізде болса, былтыр Арыста зардап шеккен әр тұрғынға 100 мың теңгеден өтемақы берілген болатын. Арандатушылық әрекеттер Арыста да кездескен. Сол арандатушылыққа ерген кейбір азаматтар Шымкент қаласындағы әл-Фараби алаңына заңсыз митингіге шыққан. Кейін митингіні ұйымдастастырушы белсенділердің Арыс қаласының тұрғындары еместігі айтылған еді.

Асхат Аймағамбетов: «Бұйрық шықты. Қағазбастылық мүлде жойылады»
Ермекбаевқа генерал-лейтенант атағы Арыстағы масқара жағдай үшін берілді ме?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу