Асхат Аймағамбетов: «Бұйрық шықты. Қағазбастылық мүлде жойылады»

Oinet.kz 05-05-2020 6637

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов балабақша, мектеп пен колледжде қағазбастылықтан арылатын күн келгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. 

Screenshot_9.jpg

«Педагогтардан негізгі төрт құжат талап етіледі. Оның ішінде мұғалім тек екеуін ғана күнделікті жүргізіп отырады. Олар: дәстүрлі сабақ жоспары мен сынып журналы. Қалған құжаттар, яғни күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау (КТЖ) мен жетекшілік бойынша құжат бар. Демек құжаттар тізімі нақты бекітілді. Қазір орта білім дәрежесінде оны қатаң сақтау керек», - деді Асхат Аймағамбетов 

Білім және ғылым министрлігінің аппараттық отырысында. Министрдің айтуынша педагогты қосымша құжат толтыруға міндеттегендерге ірі көлемде дейін айыппұл салу көзделген. 

«1 сәуірден бастап білім сапасын қадағалау департаменттері осындай құзіретке ие болды. Олар артық қағазбастылықты мен мұғалімді міндетінен тыс жұмысқа тарту мәселесін қатты қадағалауы керек. Бұл мәселеге нүкте қоюуымыз керек. Балабақша, мектеп, колледж болсын – қағазбастылықтан арылатын күн келді. Нақты бұйрық шықты. Дайын. Тиісті шара қолданатын мекемелер бар. Заңда және әкімшілік кодексте тиісті нормалар, санкциялар мен айыппұлдар қарастырылды. Сондықтан бұл мәселені күнделікті өз бақылауымызда ұстайтын боламыз. Қағазбастылық мүлде жойылады. Бұйрық тіркеуден өтті. Жергілікті департаменттер бұл мәселені қатаң бақылауда ұстауы керек», - деді Асхат Аймағамбетов.

Министр: «2020 жылы 1 млн 220 мың адамды жұмыспен қамту көзделген»
Шөкеев арандатушыларға шара көрілетінін қатаң ескертті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу