Су ми дертіне шалдыққан қыз 5 тілде еркін сөйлейді
Гидроцепалия дертіне шалдыққан қыз 5 тілде еркін сөйлейді. Ділназ есімді ерекше қабілетті қыз отандық "Астарлы ақиқат" телебағдарламасына ата-анасымен бірге келді, деп хабарлайды Oinet.kz.
Бас сүйекте ми жұлын сұйықтығының көбеюі. Сырқатына қарамастан Ділназ 5 тілде еркін сөйлей алады және ерекше есте сақтау қабілетіне ие.
- Телефон нөмірлерді жаттап алады. Қырықтан аса номер біледі. Бізге бір номер керек болса Ділназдан сұраймыз. Бәрнін бірден айтып береді, - дейді Ділназдың анасы.
- Английский, италянский, турецкий, орысша, қазақша барлық тілде айтып береді, - дейді әкесі.
Баланы дүниеге әкелгенде дәрігерлер анасына баланы тастап кетуге кеңес беріпті.
- Мен туғанда дәрігерлер тастайсыз ба деп маған шақырып алып айтқан. Тастайсыз ба? Адам болмайды, дебил болады деп. Басы төртке бөлініп ашық тұрды, төбесі. Шыққаннан кейін, әкелген кезде су жиналып жатты, - дейді бейкүнә қыздың анасы Гүлнар Әбдіқалықова.
Қоларбаға таңылған қабілетті қызға шетел және отандық дәрігерлер ерекше таңдануда.