Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Түркістан облысы Ордабасы ауданында бір отбасының балалары белгісіз заттан уланып, ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды Tengrinews.kz порталына сілтеме берген Oinet.kz.
Басылымның мәліметінше, 2019, 2017, 2014 жылғы балалар мен 2000, 2002 жылғы жасөспірімдер ауруханаға жеткізілген. 2019 жылғы бала ауруханада көз жұмған, қалған екеуі жансақтау бөлімінде, 2,3-деңгейлі шок алған. Қалғандарына да медициналық көмек көрсетілген.
"Отбасы туыстарына қонаққа келген. Төтенше жағдайдан соң қызметкерлер пәтерді тексеріп шықты. Газдан уланбаған. Тағамның барлығы сараптамаға жіберілді", - дейді басылымдағылар.