Ерлан Атамбай жаңа қызметке тағайындалды

Oinet.kz 13-02-2020 848

"Қазақстан" телерадиокорпорациясы басшылығының шешімімен Ерлан Атамбай "Қазақстан" РТРК" АҚ филиалы "Kókshe" телеарнасының директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды baq.kz порталына сілтеме берген Oinet.kz.

Ерлан Атамбаев.jpeg

Ерлан Нұрбайұлы Атамбай телевизия саласында 20 жылға жуық уақыттан бері қызмет етіп келеді. 

"Қазақстан" телерадиокорпорациясындағы еңбек жолын 2013 жылы бастады. 

"Qazaqstan" Ұлттық телеарнасының Ақпараттық бағдарламалар дирекциясының Бас редакторы, "Қазақстан" РТРК» АҚ Стратегиялық маркетинг департаменті конвергенттік редакциясының жетекшісі қызметтерін атқарды. 

Бүгінгі тағайындауға дейін Е.Атамбай "Qazaqstan" Ұлттық телеарнасының Ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясының директоры қызметінде болды.

«Спецназ» Сапарбаев жамбылдықтарды жұдырықша жұмылдыра ала ма?
Түркістан облысында бір отбасы белгісіз заттан уланған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу