14 жыл бойы іздеуде жүрген есірткі сатушы Алматы облысында табылды

Oinet.kz 07-02-2020 1113

Алматы облысында 14 жыл бойы іздеуде жүрген есірткі сатушы ұсталды. Ақтөбе соты 58 жастағы әйелге мемлекетаралық іздеуді 2006 жылдың ақпанында салған, - деп хабарлайды Oinet.kz сайты Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

photo_63513.jpeg

Қылмыскер Алматы облысы, Көксу ауданындағы Балпық би ауылында жасырын атпен тұрып келген. Ол 2005 жылы ҚР Қылмыстық кодексінің 259-бабының, 4-бөлігі бойынша қозғалған істе күдікті болған. 

«Күдікті біздің полиция базасында сақталған жедел ақпарат пен бағдар бойынша анықталды. Ұсталған адамнан саусақ іздерін алынды, олар "Папиллон" саусақ іздерін есептеу бағдарламасындағы мәліметке сай келді. Осы уақыт аралығында күдікті түрлі жалған атпен бір аймақтан екінші аймаққа көшіп жүрген. Соңғы бірнеше жыл ішінде ол отбасымен бірге Балпық би ауылында тұрғаны анықталды», - деді Алматы облысы Полиция департаментінің өкілдері. 

Қазіргі уақытта ұсталған күдікті Ақтөбе қаласына жеткізілуі тиіс. 

АҚШ Йеменде «Әл-Каида» тобының басшысын өлтірді
25 миллион халқы бар Бейжің көшелері қаңырап қалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу