АҚШ Йеменде «Әл-Каида» тобының басшысын өлтірді

Oinet.kz 07-02-2020 902

АҚШ Йемендегі арнайы операция барысында «Әл-Каида» (Қазақстанда тыйым салынған) террористік тобының жетекшісі Касим ар-Римидің көзін жойды, - деп хабарлайды Oinet.kz сайты Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

photo_63514.jpeg

«Президент Дональд Трамптың тапсырмасы бойынша Құрама Штаттары Йеменде контртеррористік операция өткізді, нәтижесінде Арабия түбегінде "Әл-Каиданы" құрған және оның лидері Касим ар-Римидің көзі жойылды», - делінген АҚШ президенті Дональд Трамптың хабарламасында.

Трамптың айтуынша, ар-Римидің өлімі "Әл-Каидаға" жасалған соққы және "бұл топтың АҚШ ұлттық қауіпсіздігіне деген қатерін жойды".

«Біз америкалық халықты қорғап, бізге зиян келтіргісі келетін террористердің көзін жойып отырамыз», - деді АҚШ президенті. 

Самұрық-Қазына Директорлар кеңесінің төрағасы сайланды
14 жыл бойы іздеуде жүрген есірткі сатушы Алматы облысында табылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу