Көпбалалы аналарға берілетін төлем тағы да көбейтілмек
ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман мұқышев мемлекеттің көпбалалы аналарға арналған төлемді жақсартуға ниеттеніп отырғаны туралы айтты, деп хабарлайды Oinet.kz порталы «ҚазАқпарат» сайтына сілтеме жасап.
«Бүгінгі таңда 4 баладан асатын, 7 балаға дейін және одан көп баласы бар отбасыларға әлеуметтік төлем тағайындалады. Яғни 4 бала үшін – 16 АЕК, Кейін 7-ші балаға дейін 4 АЕК-тен тағайындалады. 8, 9, 10 балаға – 28 АЕК-тен. Бұл қазіргі заңнама бойынша жүзеге асады. Мәжіліс депуттары ұсынған өзгеріске сәйкес, 8-баладан бастап қосымша 4 АЕК тағайындалады», - деді Нариман Мұқышев кулуарда.
Оның айтуынша, өзгеріс мақұлданған жағдайда төленетін төлем балалар санына қарай шектелмейді.
«Бүгінгі таңда базада отбасыдағы ең көп бала саны – 15. Яғни осы баланың әрқайсысына 4 АЕК-тен тағайындалатын болады», - деп түсіндірді вице-министр.