Әйтенов алғашқы кадрлық тағайындауларын жасады

Oinet.kz 27-01-2020 779


5e2e7b5455666.jpeg

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов алғашқы кадрлық тағайындауларын жасады. Әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша,  Компаниец Сергей Евгеньевич кәсіпкерлік және индустриалды-иновациялық даму басқармасының басшысы болып тағайындалды. Жаңа басшы Президенттік жастар кадр резервінің жеңімпазы.  

Сергей Евгеньевич 1986 жылы туылған, білімі жоғары. 2009 жылы «Информатика және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша Басқару институтын тәмамдаса, 2016 жылы Джордж Вашингтон университетінің ақпараттық жүйелер мен басқару технологияларының магистранты дәрежесін алған. Сол жылдары жылдың ең үздік бизнес студенттерінің бестігіне кірген. 2011 жылы «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша академиялық инновациялық университетін бітірген.

Еңбек жолында ол ҚР «Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақпараттық-тестілеу орталығы» мемлекеттік мекемесінде жүйелік инженері, орталық директорының орынбасары, содан кейін директоры болып қызмет атқарған. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі «Алмас» мемлекеттік кәсіпорны директорының орынбасары, «Учет Онлайн» ЖШС жобаларды басқару жөніндегі директоры және Шымкент қаласы әкімінің аппаратында ақпараттық қауіпсіздік бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді. Бұдан бөлек, «Shymkent» ӘКК төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

5e2e7b6426597.jpeg

Президенттің кадрлық резервіне іріктеудің барлық кезеңдерінен сүрінбей өткен Олжас Шынтаев кәсіпкерлік және индустриалды-иновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары болып  тағайындалды.

Олжас Шынтаев 1990 жылы туған, білімі жоғары, мамандығы бойынша экономика және бизнес бакалавры- есеп және аудит. Орыс, ағылшын, қытай тілдерін меңгерген. Қазақстан Республикасы туризм индустриясының үздік,,ТМД Халықаралық достастық сыйлықтарының лауреаты.

Еңбек жолында «Ортон» ЖШС-нің менеджері, ОҚО туризм индустирясын дамыту орталығы қоғамдық бірлестігінің төрағасы, ОҚО индустриалды-инновациялық даму және туризм басқармасының бөлім басшысы, «Ontustik tourism center» КМК директоры, Түркістан облысы туризм және сыртқы байланыс басқармасының басшысы, «Qazaq Geography» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Басқарма төрағасының кеңесшісі қызметтерін атқарып келген.

 


Көпбалалы аналарға берілетін төлем тағы да көбейтілмек
Асқар Мырзахметов Шөкеевтен де, Баталовтан да асып түсті ме?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу