Президент көктемде міндеттерін орындай алмайтындарды қызметтен босатуға ниетті
Президенттің айтуынша айтылған ескертпелер нәтиже көрсетіп жатқан жоқ.
"Үкімет мүшелері мен әкімдерге бар кемшіліктерді түзетуге мүмкіндік беремін, өйткені көктемде біз проблемалы мәселелерді талқылауға ораламыз", - деді Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.
Жалпы, оның айтуынша, сөгіс жариялау жақсы нәтижелерге қол жеткізуде тиімсіз тәжірибе екен.
"Бұл менің ұстанымым, сондықтан Үкімет мүшелері мен әкімдерге кемшіліктерді түзетуге мүмкіндік беремін. Сол себептен бүгін отырыста берілген тапсырмалар үлкен жауапкершілікпен орындалуы қажет. Көктемде біз осы мәселеге ораламыз, әртүрлі себептермен өздеріне жүктелген міндеттерді тиісті деңгейде жүзеге асыра алмаған адамдарды қызметтен босату жөнінде нақты шаралар қолданамыз", - деп атап өтті мемлекет басшысы.
"Біз халық алдындағы өз жауапкершілігімізді біле отырып, жүйелі жұмыс атқаруымыз керек. Асқар Мамин басқаратын үкімет ел алдында тұрған міндеттердің маңыздылығын түсіне отырып жұмыс істейді. Табысты жұмыс тілейміз", - деп қорытындылады Қазақстан президенті.