Айтахановтың кадрі парамен ұсталды

Oinet.kz 24-01-2020 738

200121111731149a3605738i.jpg

Шымкентте қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы басшысының орынбасары сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен ұсталған. Бұл туралы  Антикоррупциялық қызметке сілтеме жасаған Tengrinews.kz  хабарлады.

Шенеунікке пара алды деген айып тағылған. Ол айтарлықтай көлемдегі параны  Hyundai Wacortec Life  ЖШС-інің өкілінен алып, есесіне компанияға жалға ғимарат беруге уәде кеткенге ұқсайды. Қазір сот алды тергеу амалдары аяқталған. Іс сотқа өткелі жатыр. Яғни, шенеуніктің ұсталғанына біраз уақыт өткен сияқты.

Біздің қолымыздағы мәліметтерге қарағанда, аталған басқарма басшысының орынбасары лауазымына былтыр қыркүйекте конкурстық комиссияның ұсынысымен бір азамат тағайындалған. Ол азамат бұған дейін Отырар аудандық мәдениет бөлімінің басшысы қызметін атқарған.

Ал, Шымкентке әкім болып келгенге дейін Ерлан Айтахановтың  Отырар ауданының әкімі қызметін атқарғаны белгілі.  

Айтахановтың кадрінің парамен ұсталғаны туралы ақпараттың ұзақ уақыт бойы жарияланбай келуінің астарында не бар?


Оқушы қызда дәретханада зорлаған азаматқа үкім шықты
Президент көктемде міндеттерін орындай алмайтындарды қызметтен босатуға ниетті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу