Прокурор Ислам Әбішевке 11 жыл сұрады
Су ресурстары комитетінің бұрынғы төрағасы, 60 миллион теңген пара алуға оқталды деп айыпталған Ислам Әбішевтің соты аяқталуға жақын. Осы аптада өткен жарыссөзде мемлекеттік айыптаушы Саламат Сүлейменов соттан И.Әбішевті 11 жылға, ал онымен бірге істі болып жатқан С.Түкиевті 8 жылға бас бостандығын айыруды сұраған.
Келесі сот отырысы 21 қаңтарда өтеді. Сотта адвокаттарға және соттаушылардың өздеріне сөз беріледі. Осыдан кейін судьяның үкім шығару үшін кеңесу бөлмесіне кететіні белгілі.
Яғни, И.Әбішевке үкім оқылатын күн енді алыс емес деген сөз.