Нұр-Сұлтаннан Алматыға жол тартқан пойыз кері қайтарылды
Нұр-Сұлтаннан Алматы қаласына жол тартқан поезд техникасынан шыққан ақауға байланысты кері қайтарылды.
Пойыз тоқтатылған кезде ішінде 280 жолаушы болған. Оның 62-сі Нұр-Сұлтан-1 станциясында билеттерін кері қайтарған, ал қалған жолаушылар сол пойызбен астанаға қайтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстанпорталына сілтеме жасаған oinet.kz
14 қаңтарда "Нұр-Сұлтан Нұрлы жол – Алматы-2" бағытында қатынайтын жолаушылар пойызы техникалық ақауға байланысты "Бабатай-Аршалы" аралығында кідірді. Жолаушылар пойызы жүріп бара жатқанда "ҚТЖ – Жүк тасымалы" АҚ Қарағанды бөлімшесінің Бабатай станциясының кезекшісі Қарлығаш Маусымбаева біртүрлі дыбыс естіген. Ол бұл туралы радиобайланыс арқылы пойыз машинисіне айтты. Пойыз сол мезетте шұғыл тоқтатылды", - деп хабарлады компания.
Пойызды тексеру кезінде вагонның дөңгелек жұптарының бірінен ақау анықталды. Бұл құрамның қозғалыс қауіпсіздігіне әсер етуі мүмкін еді.
"Жолаушылар тасымалы" АҚ ақауды жою кезінде вагон-мейрамханада жолаушыларға тегін ыстық тамақ беріп, билетін қайтаруға мүмкіндік жасады. "Нұр-Сұлтан Нұрлы жол – Алматы-2" бағытына қатынайтын пойыз астанадан 2020 жылдың 15 қаңтары сағат 03.19-да жөнелтілген болатын", - делінген хабарламада.
Пойыз тоқтатылған кезде ішінде 280 жолаушы болған. Оның 62-сі Нұр-Сұлтан-1 станциясында билеттерін кері қайтарған, ал қалған жолаушылар сол пойызбен қайта жолға шықты.
"Нұр-Сұлтан Нұрлы жол – Алматы-2" бағытына қатынайтын пойызға Қарағанды станциясынан кесте бойынша 105 жолаушы отыруы тиіс болатын. Алайда пойыз кешіккендіктен, 96 жолаушыны Қарағанды арқылы өтетін басқа пойыздарға бөліп отырғызуға тура келді. Ал 9 жолаушы билетін қайтаруды жөн көрді", - деді компаниядағылар.
Тасымалдау ережесіне сәйкес жолаушылар әр кешіккен сағат үшін билет құнының 3% мөлшерінде өтемақы ала алады. Сондай-ақ, жол жүруден бас тартып, билет құның 100% қайтарып алуына да болады. Ол үшін жолаушы межелі станцияға келген соң кезекшіден пойыздың кешіккендігі туралы белгі алуы керек және жол ақысын алу үшін "Жолаушылар тасымалының" кассасына жүгінуі тиіс.