Альмира Орманшина қайда жүр?

Oinet.kz 18-07-2013 881

Облыстық құрылыс басқармасының бастығы, одан кейін аталған басқарма бастығының орынбасары қызметтерін атқарып, артынша өз еркімен орнынан босатылған Альмира Орманшина туралы алып-қашты әңгіме көбейіп тұр. 

Screenshot_6.jpg

Орманшинаға қатысты істе адам түсінбейтін әркеттер бар. Қаржы полициясының таратқан ресми ақпараты бойынша ол әлдебір мердігер компанияның басшысынан 6 миллион теңге пара талап еткен. Сол үшін мердігерге тендерде кедергісіз жеңіске жететініне кепілдік берген ұқсайды. Пара осы тендерде ойналатын қаржыны 12 пайызы көрінеді. Бірақ Орманшинаның бұл параны алған-алмағаны туралы ақпарат нақты емес. Егер алған болса, бұл жағдай қаржы полициясының бақылауында тұрған болса, экс-орынбасар қылмыс үстінде қолма-қол айғақтық заттарымен ұсталар еді ғой. Алайда қаржы полициясы бұл жолы тәспісінен жаңылады. Орманшинаның үстінен қылмыстық іс қызметінен кеткеннен кейін барып қозғайды. Ақыр аяғында оның орнын сипап қалады. Ресми ақпаратта оған қатысты бұлтартпау шарасының қолданылып жатқандығы айтылған. Түсініксіз.

Міне, осы аптада осы түсініксіздіктің түйіні тарқатылғандай болды. Қаржы полициясы А.Орманшинаға мемлекетаралық іздеу жариялады. Егер экс-орынбасарға қатысты қандай бір ақпарат болса дереу облыстық қаржы полициясына хабарлау қажетілігі айтылған әлгі ресми ақпаратта. Орманшина Қылмыстық кодекстің 311-бабының 3- бөлімімен (пара алу) айыпталып отыр. 23 мамырда оның үстінен қылмыстық іс қозғалған, 5 шілдеде оған мемлекетаралық іздеу жарияланған. Шамасы қаржы полициясы айыпталушы тергеу орындарына өз аяғымен келеді деп үміттенсе керек. Алайда ол бола қоймаған соң, оның қашып кеткені нақтыланған соң ақырғы қадамға барған сияқты. 

Пара алғаны үшін немесе қазына қаржысын талан-таражға салғаны үшін қазір темір торда жатқан әріптестеріне қарағанда Орманшинаның жолы болды. Ресми емес ақпараттарға қарағанда ол әлдеқашан шетел асып кеткен көрінеді. Кім білсін?! 

«Аяқталмаған трагикомедия...»
Шымкентте ана өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу