Алматыда бос тұрған ғимараттан сәбидің денесі табылды

Oinet.kz 09-12-2019 1253

Сайран көлінің аумағында бос қалған ғимараттардың бірінен сәбидің денесі табылды. Бұл туралы алматылық Андрей Андреев Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасаған OINET.KZ

Картинки по запросу нәресте табылды

«Үш күн бойы жатқан, егеуқұйрықтар тістелеп тастаған дейді. Жыртқыштың өзі баласы үшін өлімге барады, ал адамдар баласын өлімге оңай тастап жүре береді», - деп жазды ол. 

Алматы ПД өкілдері осы ақпаратты растады. 

«Осы дерекке қатысты Алмалы аудандық полиция басқармасының бөлиция бөлімі сотқа дейінгі тергеу шараларын бастады. Жедел-тергеу тобы құрылды, олар нәрестенің анасын таяу уақытта табады және баланың қандай жағдайда қайтыс болғанын анықтайды», - дейді полицейлер. 

Қазақстан командасы әлем чемпионатында Қытайды жеңді
Шымкентте өзін өртеп жіберген қыз ауруханада көз жұмды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу