Қарағандыда із-түссіз жоғалған келіншектің денесі темір жәшіктен табылды
Қарағандыда бес күн бұрын із-түссіз жоғалған келіншек өлі табылды. 38 жастағы Жанар Бөлегенованың денесі көше бойындағы темір жәшікте жатыпты. Жақындарының айтуынша, сол күні келіншекте өзімен бірге 5 миллион теңге болған, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.
Туыстары келіншек аляқтардың арбауына түсті дейді. Өйткені ол бір қаржылық жүйеге ақша салып, аз уақыт ішінде пайызымен қайтарып алып тұрған. Бірнеше рет пайдаға кенелген соң, туған-туыстардан қарызданып жүріп 5 миллион теңге жинап алыпты. Алайда қомақты қаражатты апарып берген адамы оны буындырып өлтірген. Мәйітті қаланың шеткі ауданына таксимен жеткізіп, темір жәшікке тастапты. Марқұмның артында кәмелетке толмаған екі баласы қалды. Күдікті ұсталған.
«Жедел іздестіру шаралары барысында 36 жастағы күдікті ұсталып, мойындау көрсетпелерін берді. Бүгінгі таңда ҚР ҚК 99бабы бойынша іс тіркеліп, соның аясында оқиғаның мән-жайы анықталатын болады»,- Қарағанды облыстық ПД баспасөз хатшысы Жаңатай Сембеков