Таразда 269 жанұяға жаңа пәтердің кілті табысталды

Oinet.kz 25-11-2019 1083

Тараз қаласында 269 жанұя "Бақытты отбасы" мемлекеттік бағдарламасы бойынша баспаналы болды, деп жазды Хабар24 сайтына сілтеме жасаған OINET.KZ

Картинки по запросу баспана

Бағдарламаға қатысуға 900-ден астам адам өтініш берген, алайда төлем қабілеттігін олардың үштен бірі ғана дәлелдей алған. Баспана бағдарлама шарттарына сәйкес 19 жылға 2 процентпен беріледі. Қоныс тойын тойлаушылар қатарында көпбалалы, аз қамтылған және толық емес отбасылар бар.

Пәтерлер сондай-ақ, "7-20-25" бағдарламасы бойынша да берілуде. Бұл бағдарламамен 200-ден астам отбасы баспаналы болды. Пәтердің бір шаршы метрі 116 мың теңгеден.

Биылғы жылы 30 тамызда осы "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында 9 көппәтерлі тұрғын үйді ұсындық. Ол  ТҚЖБ арқылы сол екінші банктің салымшылары арасында таратылды. Қазіргі таңда 720 пәтердің ішінде 228 сатылды. Қалғаны құжаттарын рәсімдеуде, - деді тұрғын үй қатынастары бөлімінің басшысы Ғазиз Ералиев.

Сондай-ақ, баспанаға "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы бойынша да қол жеткізуге болады. Оның аясында биыл 9 көппәтерлі үй қолданысқа берілді.  

«Junior Eurovision-2019» байқауынан Ержан Максим екінші орын алды
Қазақстандықтарға зейнетақы жинағына баспана алуы мүмкін
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу