Қаусаған бейтаныс шал (әңгіме)
03-11-2023
Шымкенттегі Қошқарата өзені бойындағы демалыс орнына таңертең ерте келіп шомылатын ата-әжелеріміз осылай деп жүр. Бұл енді, біздің ойымызша, аға буынның Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың өзен бойын абаттандыруға байланысты атқарған істеріне ризашылықтарынан туындаған жылы сөз болса керек.
Осыдан бірнеше жыл бұрын Қошқарата өзенінің айналасы қоқысқа толы, лас орын болғанын қалалықтар ұмыта қойған жоқ. Қасиетті өзен сағасын үйсіз-күйсіздер мен маскүнемдер тұрақты орынға айналдырып та алған-ды. Жақын маңда орналасқан жергілікті тұрғындар қоқыс қалдықтары мен шайынды суларын өзенге төгетін. Ал бүгінгі жағдайы мүлде басқаша. Қалалық әкімдік тарапынан күтім жасау, тазалау, көріктендіру қолға алынып, қазір Қошқарата өзені жайлы да әсем демалыс аймағына айналып отыр.
Әсіресе, жаздың аптап ыстығында шымкенттіктер мен қала қонақтары үшін Қошқарата өзені таптырмас демалыс орнына айналған. Шіліңгір шілдеде ине шаншыр жер таппайсыз. Демалушылардың арасында еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейін бар. Тіпті, өзге қалалар мен шетелден арнайы іздеп келетіндер де аз емес екен. Өйткені, Қошқар ата Шымқаланың барлық түкпірін аралап ағатын, суының емдік қасиеті мол өзен. Ауаны дымқылдандырып тұратын қасиеті және бар. Міне, осындай өзенге қамқорлықтың жасалуын, бүгінгідей ажарландырылуын тұрғындар қала әкімі Ғ.Әбдірахымовпен байланыстырады. Аңыздағы Қошқаратаның ұрпағы деуі де сондықтан болар.
Әйтпесе, елімізде Қошқарата деп аталатын ауыл, өзен, су аттары көп. Тіпті Қырғызстан мен Өзбекстанда да бар. Кезінде бұл атауға қатысты дау туындаған да болатын. Шежірешілердің айтуынша, елімізде мұндай атауды иеленген 11 мекен бар екен. Аңызға құлақ түрсек, Қошқарата негізінен XI ғасырда өмір сүрген делінеді. Тағы бір аңызда Шымқаланың іргесін ең алғаш көтерген де Қошқарата екені айтылады. Көзі ашық, білімді Қошқарата осы өңірге келіп, мешіт, медресе ашқан.
Осы Қошқар ата өзенінің бойын тағы да үлкен өзгерістер күтіп тұр. Естеріңізде болса, өзен маңайындағы ескі үйлерді бұзып, осы ауданды көркейтуге қатысты «Жаңарту» бағдарламасы қабылданғанын айтқан болатынбыз. Құрылыс жұмыстары келесі жылы басталмақ. Жаңартылуы тиіс ауданның жалпы көлемі – 29 гектар. Сондай-ақ, сәулетшілер Қошқар ата өзенінің бастауынан Ордабасы алаңына дейінгі сағасын кеңейту жобасы жүзеге асса, демалыс орны ажарлана түсетінін айтуда. Өзен жағасында өсіп тұрған ағаштардың толық сақталып қалуы да бақылауда болмақ.