Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады
ҚР Президентіне ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ерболат Досаев биылғы 10 ай ішіндегі ақша-несие саясатын жүзеге асырудың негізгі көрсеткіштері: төлем балансының алдын ала бағалануы, Ұлттық банктегі алтынвалюта қорының ахуалы мен Ұлттық қордың активтері, сондай-ақ еліміздегі қаржы нарығының дамуы туралы мәлімет берілді деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі inform.kz сайтына сілтеме жасап.
«7-20-25» ипотекалық тұрғын үй бағдарламасының, экономиканың басым бағыттарына жеңілдетілген несие беру ісінің іске асырылуы, екінші деңгейлі банктердегі активтердің сапасына тәуелсіз бағалаудың жүргізілуі жайында Ерболат Досаев баяндады.
Сонымен қатар Мемлекет басшысының зейнетақы активтерін басқарудың тиімділігін арттыру және олардың бір бөлігін басқару үшін жеке компанияларға беру жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысы қаралды.
Кездесу қорытындысы бойынша Президент бірқатар тапсырма берді.