Сайлауда Ленин жеңіске жетті

Oinet.kz 08-10-2019 865

Сайлау.jpg

Эквадордағы президент сайлауында Ленин жеңіске жетті. Жеңімпаздың толық есімі Ленин Морено. 

Билік партиясының атынан түскен Морено сайлаушылардың 51 пайыз даусын алды. Оның қарсыласы, банкир Гуаякиль Гильермо 49 пайызбен артта қалған. 

Лениннің жасы 63-те. Ол бұған дейін мүмкіндігі шектеулі азаматтардың мүддесін қорғайтын қоғам белсендісі ретінде танылған. Бұлай болудың да өзіндік сыры бар. 1998 жылы тонаушылар оның арқасына отты қарумен атып, содан бері ол жартылай сал ауруына шалдыққан. Мүгедектер арбасына таңылған ол 2012 жылы Нобель сыйлығына да ұсынылған. 2013 жылдың желтоқсанында  БҰҰ-ның бас хатшысы Пан Ги Мун Ленинді мүгедектердің арнайы елшісі етіп тағайындаған. Ленин сонымен бірге әзіл-сықақты жақсы көреді. Оның осы тақырыпта бірнеше кітабы да бар. 

Мұрағаттан, 2017 ж

Сенген депутат сен болсаң...
​«Шыңғыс хан президенттен рұқсат сұрап жатыр»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу