Прокуротура Бағдат Манзаровқа қатысты түсініктеме берді
ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Манзоровқа қатысты қылмыстық істің жабылауына байланысты түсініктеме берді, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі inform.kz сайтына сілтеме жасап.
«Қылмыстық жағдайдың болмауына орай оған қатысты қылмыстық іс тоқтатылды. Осы істі қозғаған және оны тергеген органға ұсыным енгізілді. Атап айтқанда, аталған адамға қатысты қылмыстық іс тоқтатылғанын ресми түрде мәлімдеймін», - деді Марат Ахметжанов Парламент Мәжілісінде тілшілер сауалына жауап бере отырып.
Бас прокурор Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі органдарына заңдылықты бұзуға жол берген қызметкерлерді тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсынымды енгізді.