Президент: «Тіл мамандары жаңа әліпбиді жетілдіруі керек»
Латын әліпбиіне көшу туралы шешімнің қабылданғанына екі жылға жуық уақыт болса да, қарпімізде олқылықтар көп. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter-дегі парақшасында Мәдениет және спорт министрі А.Райымқұловаға жаңа әліпбиді жетілдіру жөнінде тапсырма беру барысныда жазды, деп хабарлайды OINET.KZ сайты.
«Әліпбиді латын қарпіне көшіру туралы тарихи шешімнің қабылданғанына екі жылға жуықтады. Бірақ қарпімізде әлі де олқылықтар бар. Тіл мамандары жаңа әліпбиді жетілдіруі керек. Мәдениет және спорт министрі А.Райымқұловаға тиісті тапсырма бердім. Алдымызда ауқымды жұмыс тұр»,-деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.