Құмар Ақсақалов: «Ақша бөлiнуде, нәтиже жоқ»

Oinet.kz 16-10-2019 910

Картинки по запросу құмар ақсақалов

СҚО-да 152 млрд.тг инвестиция құйылған. Жыл соңына дейiн 240 млрд.тг тарту көзделген, өсiм 9 пайыз болмақ. Алайда, құрылыс саласында сылбыр жұмыс байқалады. Ауыл шаруашылығында өсiм бар, алайда қайта өңдеу саласына көңiл бөлген жөн. Кейбiр аудандар көрсеткiштердi орындамай отыр. Бұл туралы аймақ Құмар Ақсақалов айтты, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі baq.kz сайтына сілтеме жасап.

"Жемiстi жұмыс жоқ. Ақша бөлiнуде, нәтиже жоқ. 1 жарты жылдықтың қорытындысы бойынша көрсеткiштерге қол жеткiзбеген аудан әкiмдерi сөгiс алды. 9 ай бойынша да аппарат тиiстi ұсыныстарды жасасын. Қайта жаза алса, бұл лауазымына сәйкес емес дегендi бiлдiредi. Бұл жағдайда қызметiнен кету туралы арызды жазып, кету керек. Бұл басқармаларға да қатысты", - дедi облыс әкімі Құмар Ақсақалов.

Сондай-ақ, 6 айдың қорытындысы бойынша әлеуметтiк-экономикалық көрсеткiштердi орындамаған Шал ақын, Жамбыл және Мамлют аудандарының әкiмдерi сөгiс алған болатын.

Қуандық Бишімбаев сияқты түрмеден ерте шыққысы келген Бағлан Майлыбаевтың жолы болмады
Нұрсұлтан Назарбаев: «Қашанда адамның ең басты байлығы - оның денсаулығы»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу