Ирандық футболшылар өз елінің әнұранын шырқаудан бас тартты

Oinet.kz 04-03-2026

Иран әйелдер құрамасының футболшылары Оңтүстік Кореяға қарсы әйелдер арасындағы Азия кубогы матчы алдында ұлттық әнұранды орындаудан бас тартты, деп хабарлайды Оinet.kz. 

image.png

Стадионда әнұран шырқалған сәтте ирандық команда ойыншылары үнсіз тұрды. Ал бас бапкер Марзие Джафари қосалқы орындықта күлімсіреп отырды.

Әуен аяқталғаннан кейін көрермендер команданы айқайлап, қол соғып қолдады. Ал ойын нәтижесінде ирандық футболшылар 0:3 есебімен жеңіліс тапты.

Ойыннан кейін бас бапкер мен футболшылар  журналистердің Иранға жасалған әскери соққылар мен елдің рухани көшбасшысы Али Хаменеи туралы сұрақтарына жауап беруден бас тартты. Айта кетейік, қазіргі Иран гимні оның билікке келуінен кейін қабылданған.

«FlyArystan» «Тұран» футбол клубын сатып алмайды
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу