Қазақстан қанжығасына алғашқы алтын байланды

Oinet.kz 28-07-2024 857

Қазақ дзюдошысы Елдос Сметов Парижде өтіп жатқан ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы атанды. Отандасымыз финалда француз дзюдошысы Лука Мхеидзеден айласын асырды. 

Screenshot_116.jpg

Елдос қарсыласын негізгі уақытта-ақ жеңіп шықты. Белдесу аяқталуға бір минут қалғанда вазарри әдісін сәтті пайдаланды.

Финалдық белдесуді Франция президенті Эммануль Макрон арнайы келіп тамашалады.

Елдос бірінші белдесуінде Нидерланд елінен келген Торнике Чкадуаны жарыс жолынан шығарды. Одан кейін украиналық Дильшот Холматовтан айласын асырды.

Екі бірдей Олимпиада ойындарында жүлде алған Елдос ширек финалда әлемдік рейтингте бірінші орында тұрған тайпейлік Янг Юнг Вейді жеңді. Жартылай финалда отандасымыз 2023 жылғы әлем чемпионы Франциско Гарригосты жеңіп шықты.   

Елдос Сметов үш бірдей Олимпиадада жүлде алған екінші қазақстандық спортшы атанды. Ол 2016 жылғы Рио Олимпиадасында – күміс, Токио Олимпиадасында қола алды. Бұл жолы 

Айта кетейік, бұл Қазақстан құрамасының қоржынына түскен екінші жүлде. Осыған дейін нысана көздеуден аралас жарыста мергендер Ислам Сәтпаев пен Александра Ле Олимпиаданың қола жүлдесін жеңіп алған болатын.

Геннадий Головкин поздравил Ислама Сатпаева и Александру Ле с Бронзовой медалью олимпиады-2024
Париж Олимпиадасына бұрын сотталған педофиль де қатысып жатыр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу