Балуандарымыз бабында

Oinet.kz 29-03-2024 215

Жасөспірімдер арасында күрес түрлерінен ел чемпионаты Алматы облысы, Қарасай ауданында өтті. Бұл сында нәтижелі өнер көрсеткен Түркістан облысының балуандары 1 алтын, 6 қола медаль олжалап, командалық 2 орыннан көрінді.

Screenshot_20.jpg

 Ел чемпионатында 60 келіде Бекасыл Асамбек өзінің мықтылығын дәлелдеп, алтын медальді қанжығалады. Ал, 51 келіде Данаел Әбілқасым, 55 келіде Мейрамхан Сайын, 65 келіде Дастан Дүйсен мен Нұртай Наров, 71 келіде Жанарыс Бақытжан, 110 келіде Есбол Төлеуов сынды дарынды балуындар қола медальді қанағат етті. Айтулы күрес додасында жоғары нәтиже көрсеткен спортшыларды еркін күрестен Түркістан облысының аға жаттықтырушысы Абылайхан Рысбаев бастап барған болатын. 

Ел біріншілігінде Түркістан облысының бұрымдылары да 1 алтын, 2 күміс және 5 қола медаль олжалап, жарқын жеңістерімен қуантты. 57 келіде Шұғыла Өмірбекке тең келер қарсылас болмады. Ол барлық қарсыласының жауырынын жерге тигізіп, алтыннан алқа тақты. Айта кетейік, 55 келіде Аяжан Марқашева, 76 келіде Арайлым Алтынбек күміске қол созды. Ал, қола жүлде салған арулар қатарында 53 келіде Бимариям Сапарәлі, 57 келіде Күлдар Наурызбай, 65 келіде Гүлдана Өсербай, 68 келіде Данагүл Мәлкен, 72 келіде Шәмшиябану Тастанбек сынды таланттар бар. Қорытындыда түркістандық балуан қыздар жалпы 8 медаль қанжығалап, командалық 1 орынды иеленді. Айта кетейік, бұл нәтижеде Түркістан облысының әйелдер күресінен аға жаттықтырушысы Нұржігіт Ерімбетовтің қажырлы еңбегі көп.

Кім кінәлі?
«Тұран» – чемпион
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу