Әлемдік чемпионатта самбодан Қазақстан қоржынына қос күміс, екі қола медаль түсті

Oinet.kz 11-11-2019 2639

Самбо чемпиондары.jpg

Самбодан ересектер арасында Оңтүстік Кореяның Чхонджу қаласында мәреге жеткен әлем чемпионатының соңғы күні Қазақстан қоржынына қос күміс, екі қола медаль түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат-қа сілтеме жасаған Oinet.kz тілшісі.

Халықаралық самбо федерациясының сайтынан алынған мәліметке қарағанда, 10 қараша күні тоғыз салмақ дәрежесінде медальдар сарапқа салынды. 

Жамбыл облысының өкілі Ділдәш Құрышбаева 68 кг салмақта финалда алты дүркін әлем чемпионы, ресейлік Марина Мохнаткинаға есе жіберіп, екінші орынға көтерілді. 

Ерлер арасында қарағандылық Рахат Жаңаниет 62 кг салмақта қола жүлдеге ие болды. 

Жауынгерлік самбодан маңғыстаулық Нұркен Домбаев 52 кг салмақта соңғы бәсекеде ресейлік Родион Асканаковқа жол беріп, күміс жүлдеге ие болды. 68 кг салмақта жамбылдық Ерлан Махмутов тағы бір қола жүлдеге қол жеткізді. 

Командалық есепте жауынгерлік самбодан Қазақстан құрамасы Ресей мен Украинадан кейін үздік үштікті түйіндеді. 

Осылайша өткен жылы дүниежүзілік додада қос алтын алған қазақстандық самбошылар биылғы әлем чемпионатында 4 күміс, 5 қола жүлдеге ие болды. 

Қазақстандық футболшыны алаңнан қуып жіберді
Нұр-Сұлтанның "Барысы" ҚХЛ-да тағы ұтылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу