Димаштың Америкада қай қалада ән шырқайтыны белгілі болды

Oinet.kz 24-01-2019 1181

Жуырда Лондон қаласында концерт берген Димаш Құдайберген енді Американың төрінде ән шырқайды.

Қазақстандық әнші әлеуметтік желідегі парақшасында тыңдармандарын 2019 жылы Бруклинде өтететін Игорь Крутойдың шығармашылық кешіне шақырды. Бұл жөнінде 365info.kz хабарлайды. 

Кештің тизерінде Филипп Киркоров, Николай Басков, Дима Билан, Ани Лорак, Алсу, Валерий Леонтьев секілді жұлдыздармен бір сахнада Димаш Құдайбергеннің де өнер көрсететіні айтылған.

«Сіздерді» Игорь Крутойдың Америкада өтетін концертінде күтеміз», — деп жазды әнші видеоның тұсына.

«65 жас өмірде бір-ақ рет келеді» атты шығармашылық кеш 26 қазан күні Берклайс орталығында өтеді. Әлеуметтік желі қолданушылары өз кезектерінде осы концертке қуана баратындарын жарыса жазып жатыр. Арасында концерт жарнамасының бір жыл бұрын жасалып жатқанына таңғалғандар да болды.

«Димаш, осы концертті асыға күтіп жүрміз», «Димаш, сен Америкаға қажетсің», «Әлі бақандай 1 жыл бар ғой. Дегенмен Димашжан үшін қуаныштымыз! Алла сол күнге жеткізсін», «Димаш, Иекеңнің әнін тамаша орындапсың» деп жазды желі қолданушылары.

Әнші 19 қараша күні Ұлыбританияның Лондон қаласында концерт берді. Аталған кештен түскен қаржыны ол қазақстандық жас таланттардың шетелдік байқауларға қатысуына жұмсамақ.

Белгілі визажист енді ешқашан Еркемен бірге жұмыс істегісі келмейтінін айтты
Қыдырәліні қартайтып, аздырып жіберген Қарақатты оқырмандар зымиян әйелге теңеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу