Орамал-әйелдің ар өлшемі

Oinet.kz 31-05-2019 1895

20170201123701.jpg

           «Орамал тон болмайды, жол болады» деген қазақ атам. Ия, бүгінде орамалдың қадірі қашып  құны төмендеген секілді. Мұны айтып отырған себебім тек сыйлы қонақтарына беріп, қасиет тұтқан  жаулықтың қолданыс аясы тарылып кетті. Қазақтың қызы өз жұртынан кетіп қайын жұртының ақ босағасын келін болып аттаған күннен бастап басынан орамалды тастамаған. Орамал тарту қыздың жар, келін, ана болды деген ұғымы. Жас келіндермен қатар аналарымыз да жаулықсыз ешуақытта ата-енесінің, жарының, жұрттың көзіне түспеген. Орамал - әйелдің көркі, ары. Бірақ бүгінде ауылды жерлерде болмаса орамал тартатын келіндер, аналар өте сирек. Ағайын-туыс, көрші-қолаңның үйіне қонаққа бара қалсаң ол үйдің отанасы қайсы,  келіні қайсы,   қызы кім екенін ажыратып білмейсің. Ешқайсысының басынан жаулықты, не тобықтан келер киімді көрмейсің. Шашын жайып, бұтына шалдабрды тырыстырып киіп алған келіндер алдыңнан шыққанда «қайран қазақтың келіндері қайда барады осы?» деген ойға қаламын.  Осындайда «әй, келін мына жүрісің не, басыңдағы орамалың қайда?» десең «Өй, ата қазір орамалды кім тағады дейсіз, менің анам да, енем де орамал таққан емес.  Олардың өздері маған осылай жүруіме рұқсат берген» дейді. Ия, алдымен енесі үлгі болып, жаулық тақпағасын, келіндерге не өкпе айтамыз? Сондықтан ұл-қыз тәрбиелеп, немере сүйіп отырған аналар, әжелер алдымен жас келіндерге үлгі болып, ақыл айта білуі қажет шығар. 

          Әйел орамал тақпаса – арын ұмытады. Күйеуінің барын ұмытады! Шашы – тамаққа түседі, өзіне келген қонақтың назары түседі. Қыз қалыптан əйел болуға көндіретін ол – сəлемі, сондай-ақ ақ жаулық жат жұрттың алдындағы əдебі! Жаһандану дәуірі болса да қазақтың келіндері, аналары орамалды басынан тастамаса екен деймін. 

Батыр Сексенбаев, 

Жамбыл облысы

Мейрамбек Таубалдиев, тележурналист: «Анам еден жуып жүріп Алматыда оқытты»
Бала кітаппен емес ойынмен жетіледі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу