Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Шәбден Омарәлиев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, композитор:
Қазақ халқы бала тәрбиесін алдыңғы орынға қойған халық. Перзенттерінің келешегін ойлап, жақсы отбасылармен туыстық қатынас орнатқан дана халық. Жақсы біліс жекжаттарымен ара қатынас үзілмеу үшін «сүйек жаңартқан» халық. Мұны айтып отырғаным жарым Шайзада Омаралиеваның әкесі Рақыш пен анасы Нарбүбі менің әкемнің шешесі , яғни менің әжем-Шолпан үшеуі туыстық қатынас жасау жолын ойлаған екен. Туыстығымыз Шайзададан бұрын ағасы Мәуленнен басталған. Менен алты жас үлкен болса да Мәуленмен жақсы дос, сырлас болдым. Оның отбасын мүшелерін де жақсы танушы едім. Ал Шайзада екеуміз бір мектепте білім алдық. Сыныпта оқып жүргенде әрине оның болашақ жарым атананын сезген жоқпын.
Алтын ұя мектеппен қоштасқан соң Шымкент қаласына оқуға түстім. Шайзада болса Жамбыл қаласындағы статтехникумға оқуға кетті. Екеуміз де студенттік жылдарды бастан кешіріп, аман-есен оқуымды аяқтаған болатынбыз. Анам Мараткүл Байғанаева мамандығы мұғалім. Ауданға, облысқа, Республикаға атағы жайылған ұстаз еді. Ол «Қазақ ССР Халық ағарту ісінің озық қызметкер»і белгісімен, КСРО Ағарту ісінің қызметкері» белгісімен марапатталған, Еңбек Қызыл Ту орденінің иегері еді. Мені еркелетіп атамды атамай «Шәпке» дейтін. Бір күні анам мені жанына шақырып алып отбасын құрау туралы әңгіме қозғады. Әңгіме басталғаннан аздап қысыла бастадым. Ол өздері араласып жүрген жолдастарының, жекжаттарының, таныстарының қыздарының атын атап болашық келіннің кандидаттырын ұсына бастады. Мен үнсіз тыңдап отырмын. Кезек бір уақытта өзіммен бірге оқыған, досымның қарындасы Шайзадаға келіп тірелді. Оның оқу аяқтап аудандық емхананың есеп бөлімінің бухгалтері болып жүрген кезі еді. Шайзаданы айтқанда бір жағынан таң қалып, екінші жағынан қуанғандай болдым. Себебі оның биязы, тәрбиелі, білімді қыз екенін білемін. Сонымен біздің құдаласуымыз Шайзадамен тоқтағандай болды. Мен келісемін, қызда көңілім бар дегенді ашық айтпасам да анам бұл сүйек жаңғыртуға қарсы еместігімді бет-жүзімнен, әңгімемнің ыңғайнан сезіп қойса керек. Өзіммен тете қарындасым бар еді. Аты Дина. Мамандығы географ мұғалім. Сонымен үйлену мәселесі туралы сөз сонымен біткесін өз жұымысмыд істеп жүре бердім. Қызбен кездесудің алғашқы қадамдарын менің орныма анам мен қарындасым жасады. Қалай жасады дейсіздер ғой? Дина Шайзаданың жұмыс орнына барып оны киноға шақырыпты. Шайзаданың ойында ештеңе жоқ, қарсылық білдірмеген екен. Кешкі уақыт. Аудандық емхананың жүргізушісі Шайзада мен Динаға бұрылып - келіңдер мен сендерді «Алатау» кинотеатрына жеткізіп салайын дейді. Әрине, мұның барлығы алдын ала ойлап жоспарлап қойған дүние. Кинотеатрға жол тартқан екеу машинаға отырады. Ал жүргізуші «Алатауға» емес бойжеткендерді тіке үйге алып келеді. Сонда анам, жеңгелерім машинадан Шайзаданы түсіріп басына ақ орамал салып , ақ босағаны оң аяғымен аттатып келін ғып түсіргені бүгінгідей көз алдымда. Қазақтың салтымен, жөнімен қызды алып қашып, осылайша шаңырақ көтердім. Ауылымыздың арасы бес шақырымдай ғана жер. Басына ақ жаулық жапқасын дереу қыздың үйіне кісі жібертіп, әке-шешесінің, туыстарының келісімін алдық. Сөйтіп бір күннің ішінде өзімнің досым Мәулен қайынаға, қарындасым Шайзада жарым болып шыға келді.
Бүгінде жарымның сөзі рас болса сол 9-сыныпта оқып жүрген кезінде маған ғашық болған көрінеді. Бұл сөздерді естігенде сенерімді де сенбесімді білмедім. Себебі оның менде көңілі барын еш сездірткен емес. Қыздың жүрегін, көңілін түсіну расында қиын екен. Мені сүйетініне кейіннен көзімді жеткізгендей болдым. Өйткені үйге келін болып түсерде қарсылық білдірген жоқ. Қанша жыл өтсе де менің оған деген оның маған деген махаббаты сөнген жоқ. Аллаға шүкір тату – тәтті өмір сүріп келеміз. Үш перзентіміз бар. Немерелеріміздің алды Алматыдағы «Арыстан» әскери лицейінің алғашқы түлегі. Бүгінде Академияның 2 курсында оқып жүр. Одан кейінгілері мектепте оқиды, балабақшаға барады. Отбасымызда береке, бірлік, татулық орныққан. Жолдасым, жарым мені өзінің піріндей сыйлайды. Маған ешуақытта қарсылық көрсеткен емес. Әрине сыйластық сезім, болған жерде қызғыныш болады. Ондай қызғаныштар менде де Шайзада да болды. Қызғанышты әбестік санамаймын, керісінше жақсы сезім. Ол- махаббаттың белгісі. Махаббат- адам жүрегін нұрлы қуанышқа бөлеп, рухына қанат бітіретін ең күшті, ең тұрақты, ең асқақ сүйіспеншілік сезімі. Бізде осы сезім әлі жалғасын тауып келеді.
Отбасылық өмірдің мәні сыйластықта. Жақсы көру, сыйлау, бірін-бірі демеу, бағалау барлық қиыншылықтарды мойымай бастан өткізу бірін-бірі көрмесе тұра алмау- бұл нағыз махаббат. Ақындар, композиторлар жырлаған махаббаттан да жоғары тұрған ескірмейтін махаббат.