9 мыңнан астам баланы шетелдіктер асырап алған

Oinet.kz 30-04-2019 1010

 сәби.jpg

«Сараптама көрсеткендей, жыл сайын 900-ден астам ата-ана өз құқықтарынан айырылып, 2 мыңнан астам бала интернатқа қабылданады. Ішкі істер органдарында 12 мыңнан астам нашар отбасы есепке алынған. Олар 18 мыңнан астам баланы тәрбиелеп отыр».

Осындай мәліметті Білім және ғылым министрлігіне қарасты Балалар құқығын қорғау комитетінің төрайымы Зәбира Оразалиева жария етті.  

Ал Бас прокуратура мен Сыртқы істер министрлігі таратқан мәліметтерге қарағанда 2014 жылғы жағдай бойынша елімізде жетім немесе ата-анасының қамқорлығынан айырылған 33 мың бала бар. Тәуелсіздік жылдары 9 мыңға жуық бала шетелдіктердің асырауына берілген. Дәлірегі 2014 жылдың 31 желтоқсанына дейін 8 893 бала, ал биылдың алты айында 13 сәби шетел асқан. 

Шетелдіктер асырап алған балалардың алды бүгінде жиырмадан асқан жігіт болды. Олар Қазақстан туралы не біледі, не ойлайды? Шетелдіктер асырап алған қазақ балаларының тағдыры туралы біз не білеміз? 

Олигарх және кедеймен сұхбат
Шәбден Омарәлиев: «Сыныптасымды алып қаштым»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу