Қара шаңырақты сақтап қалар келінім болса...

Oinet.kz 20-05-2019 2791

8c700ac69d64179869fae83e5a8b5d91.jpg

«Орта жолда ат өлмесін, орта жаста қатының өлмесін» деген сөз рас екен ғой. Кемпірім екеуміз отыз жылдан астам тату-тәтті ғұмыр кешіп, үш қыз, төрт баланы өсіріп-бақтық. Үш қызымызды қияға қондырып, үш ұлымызды үйлендірдік. Кенже балам Ғани  мектепті бітіріп, студент атанғанда кемпірім науқастанып өмірден өтті. Біраз уақыт жабырқап, өзімді мына әлемде жалғыз сезінгендей болдым. Кәрі қойдың жасындай жасым қалғанда шүйіркелесіп, сырласатын жан таппаймын кейде. Үйлі-жайлы болған ұлдарым, қыздарым жиі келіп жағдайымды сұрап, немерелерімді иіскетіп кетеді. Сыйлықтарын беріп, көңілімді аулап, мәз қылып жатады, әйтеуір. Кенже ұлым қазір оқуын бітіріп, ауылда мұғалім болып жұмыс істеуде. Марқұм кемпірім кенже келініме өзім қамқор болып, қызымдай еркелетіп жүремін деуші еді.  

Енді Тәңірден күндіз-түні кенже ұлыма адал жар, мейірімді келінді жолықтыра гөр деп тілеймін. Көршілерімнен «пәленшенің келінінің мінезі нашар екен, ата-енесін сыйлау дегенді білмейді, дұрыстап ас-ауқаттарында бермейді екен» деген сөздерді естіп жатамыз. Өзге келіндеріме ешқандай өкпе-ренішім жоқ. Біреуі бетіме қарап бажылдап сөйлеген емес, ақылыма құлақ асып, айтқанымды екі етпейді. Ғанижанымның келіншегі де сондай ибалы жан болғанын қалаймын. Болашақ келінім қара шаңырақты сақтап, ақсақал деп мені, асыл жарым деп ұлымды сыйлап өтсе менде басқа арман болмас еді.

Файзулла Меңдібаев,

Қызылорда облысы  

Аға-жеңгем қалада тұрғысы келеді
«Жігіттер» квартеті қалай құрылды?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу