Билл Гейтс: Бізде тағы бір пандемия болады
Microsoft компаниясының негізін салушы Билл Гейтс COVID-19-дың қауіпі айтарлықтай сейілгенімен алдағы уақытта тағы бір пандемия болуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz.
Жыл сайынғы Қауіпсіздік бойынша Мюнхен конференциясында сөз сөйлеген Гейтс COVID-19-дың қауіпі бірден сейілгенін айтты.
"Аталмыш инфекция салдарынан кәрілік, семіздік немесе диабеттен зардап шегетін жандарда қауіпті аурудың пайда болу мүмкіндігі бірден азайды", - деді ол конференция барысында.
Алайда Гейтс алда тағы бір пандемия болуы мүмкін екенін айтты.
"Бізде тағы бір пандемия болады. Жаңа пандемия коронавирустар тобынан өзгеше патогенмен байланысты болады", - деп қосты.
Гейтстің сөзінше, егер инвестицияны қазір салса, медициналық технологиялар саласындағы соңғы жетістіктер жаңа пандемияны жеңуге көмектеседі.
"Егер әр мемлекет Австралияның істегенін қайталаса, мұны пандемия деп атауға да келмес еді", - дейді кәсіпкер.
Айта кетейік, бұған дейін Билл Гейтс әлемді климаттық апаттан құтқарудың жолын атаған еді. Ол бұл үшін бизнестің бағытын өзгертуді ұсынған.